Халықаралық ынтымақтастық

Өндірістік үдерістердің машиналары мен аппараттары бөлімінің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін кеңейту, халықаралық серіктестік бойынша жұмыстарды жүйелеу және университеттің стратегиялық даму бағыттарына сәйкес бөлім парағындағы ақпаратты жаңарту қажет.

Осыған байланысты бөлімнің ресми веб-парағына «Халықаралық ынтымақтастық» атты жаңа бөлім енгізуді сұраймыз. Аталған бөлімде төмендегі ақпарат орналастырылады:

Кафедра « Өндірістік үдерістердің машиналары мен аппараттары » білім беру және ғылыми-практикалық бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп келеді. Есептік кезеңде Ұлыбританияның University of Reading (reading.ac.uk) университетінің орнықты технологиялар бойынша жетекші профессоры Эммануэль Эссах АТУ-ға іссапармен келді. Профессор Эссах – ғимараттарда жаңартылатын энергия көздерін және күн энергиясы технологияларын интеграциялау, энергия тұтынуды мониторингтеу, ғимараттардың энергия жүйелерін модельдеу мен оңтайландыру, сондай-ақ жылу-ауа-ылғал алмасуын (HAM) және сұйықтық динамикасын (CFD) зерттеу салаларында кең тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі ғалым. Ол Қытай, Үндістан және басқа да елдермен бірқатар ғылыми жобаларды жүзеге асырған, академиялық жарияланымдары мол, орнықты технологиялар саласындағы жетекші зерттеушілердің бірі болып табылады.

Ең алдымен профессор Эссах университеттің зертханалық базасымен және ғылыми инфрақұрылымымен танысып өтті, оның ішінде өндірістік үдерістерге арналған мамандандырылған зертханалар, тәжірибелік оқу-әдістемелік орталықтар және инновациялық ғылыми жабдықтар көрсетілді. Профессор университеттің ғылыми әлеуетіне, зертханалардың техникалық мүмкіндіктеріне және жүргізіліп жатқан зерттеу бағыттарына қызығушылық таныты.

 Университетпен және кафедра жұмысымен танысудан кейін профессор Эссах магистранттар мен докторанттарға арналған қонақ лекциясын өткізді. АТУ базасында өткен қонақ лекцияда профессор Эссах халықаралық ғылыми-практикалық трендтерге тоқталды: зерттеу әдістемелері, өнеркәсіпке тұрақты технологиялық шешімдерді енгізу, халықаралық жобаларға қатысу, трансшекаралық ынтымақтастық механизмдері. Лекция барысында ғылыми жұмыстың негізгі дағдыларына ерекше назар аударылды: зерттеу мәселесін дұрыс қою, деректер жинау және талдау, өндіріс орындарымен бірлескен жобалар, халықаралық деңгейде мақалалар жариялау және диссертация қорғау.

Профессор Эссахтың АТУ-ға келуі магистранттар мен докторанттарға әлемдік ғылыми тенденциялармен жақыннан танысуға мүмкіндік берді. Орнатылған байланыстар болашақта халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жарияланымдарға жол ашады. Лекция кафедраның халықаралық әріптестігін кеңейтуге серпін беріп, білім беру бағдарламасының жаһандық бағыттарға бейімделуіне ықпал етті.

 

 

Кафедра «Өндірістік үдерістердің машиналары мен аппараттары» халықаралық академиялық серіктестік аясында өзара ынтымақтастықты белсенді түрде жүргізеді. Атап айтқанда, кафедра Кыргыз Республикасының И. Раззаков атындағы Мемлекеттік техникалық университетімен (КГТУ) академиялық серіктестік байланыстар орнатқан.

Есептік кезеңде «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттері КГТУ базасында жазғы өндірістік практикадан өтті. Практика барысында студенттер тағамдық шикізатты өңдеудің қазіргі технологиялары, заманауи жабдықтар және инженерлік есептеу әдістерімен танысты. Студенттер нақты өндірістік процестерде тәжірибе жинақтап, қазіргі өндірістік машиналар мен аппараттардың жұмыс принциптерін, өнім сапасын бақылау және технологиялық процестердің қауіпсіздігін зерттеді. Сонымен қатар, тәжірибе барысында өндірістік жабдықтың тиімділігін талдау, технологиялық операцияларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және инженерлік есептеулерді қолдану әдістерін меңгерді.

Бұл тәжірибе студенттерге теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын дамытуға және тағамдық өндіріс саласында кәсіби қызметке дайындалуға мүмкіндік берді.

 

 

Факультеттің кафедралары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз